Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы
"Елорданың дамуына жеке инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатыр. Бұл экономикалық тұрақты өсімді қамтамасыз етіп қана қоймай, орнықты жұмыс орындарының құрылуына да ықпал етеді. 2024 жылы қаланың экономикасына шамамен 2 триллион теңге инвестиция тартылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда көп.
Инвестштаб отырысында инвесторлардың бірқатар ұсынысы қаралды. Мәселен, көпфункционалды логистикалық бөлу кешенін және шаруашылық дүкендер желісінің кешенін салу, тау — кен металлургиясына арналған зертханалық кешен, жарықтандыру бағаналарын өндіретін өндірістік кешен мен геохимиялық зертхана салу жобалары ұсынылды. Ұсынылған жобалардың жалпы инвестициялық көлемі шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Бұл шамамен 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Өңірлік инвестициялық штабтың отырыстарын тұрақты түрде өткізіп тұрамыз. Жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз ынтымақтастық орнатып, жан — жақты қолдау көрсетуді тапсырдым" — деп Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды.