АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

2018 жылдың 6 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Шетелдік инвесторлар Кеңесінің 31 пленарлық отырысы өтті

[HTML]

Отырыс барысында сандық түрлендіру, жаңа технологияларды қолдану сұрақтары, сонымен қатар әрі қарай экономикалық өсу болашағы талқыланды.

Отырысты аша отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің Қазақстанда бизнес-ахуалды жақсартуға және ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған жұмыс нәтижелеріне жеке тоқталды.

Пленарлық отырысқа қатысушылардың баяндамаларын тыңдап, Мемлекет Басшысы жаһандық шақыртулар жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстанмен қабылданып жатқан шаралар туралы айттып өтті.

- Бүгінде біз қарқынды жаһандыө өзгерістердің және олармен байланысты қиындықтардың күәгерлері және қатысушылары болып табыламыз. Оларды еңсеріп өту үшін мен бір жыл бұрын Үшінші жаңғырту міндетін қойдым. Макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіледі, бизнес ахуал жақсарады, - деп айтты Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдің бәсекеге қабілеттілігін әрі қарай жаңғырту және арттыру шеңберінде бірқатар жұмыс бағыттарын атап өтті.

- Бірінші. Бұл – реттеу ортасын жақсарту. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы жаңа Кодекс, Салық және Кеден кодекстері күшіне енді. Кәсіпкерлікті реттеу сұрақтары бойынша заңнамалық түзетулер пакеті қабылданды. Барлық бағыттар бойынша ЭЫДҰ стандарттары енгізілуде, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті құқықтың үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ерекше назар аудару қажеттілігін ескеріп өтті.

- Екінші. Бұл – экономиканы әртараптандыру және жаңа технологияларды енгізу. Индустрияландыру шеңберінде елімізде 1200 астам жаңа кәсіпорындар енгізілді. Инвестициялық және экспорттық стратегия жүргізіледі, - атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан бөлек, Мемлекет Басшысы трансұлттық корпорациялармен ірі жобаларды жүзеге асырудың, аграрлық ғылымды дамытудың, технологиялар трансфертінің, құрылыс саласында өсудің жоғары қарқынын қолдаудың маңыздылығына нұсқады.

Үшінші басым бағыт ретінде Қазақстан Президенті инфрақұрылымды жаңғыртудың қажеттілігін атап көрсетті.

- Біз Еуразиялық мультимодальды транзитті-көлік хабын қалыптастырамыз. Жүзеге асырылатын «Нұрлыжол» инфрақұрылымдық бағдарламасы еуразиялық бірігуді және «Бір белдеу, бір жол» Қытайдың бастамасымен жанасуды күшейтуге бағытталған. 5 шілдеде «Астана» Халықаралық қаржы орталығының таныстырылымы өтеді. АХҚО Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының ядросы және тұтас Орталық-Азиялық амақ үшін хабқа айналуы тиіс, - деп айтты Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет Басшысы аймақтарда және ел масштабында салалық экономиканы цифландыру үдерісіне егжей-тегжейді тоқтады.

- Төртінші. Бұл – цифрландыру. Біз «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске қостық. Сандық технологияларды біздің базалық салалардағы, АӨК, көлік және басқа салалардағы кәсіпорындарға енгізу қажет, - деп өтті Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесін түрлендірудің маңыздылығын ескеріп, адами капиталды әрі қарай дамытудың қажеттілігін айтып өтті.

- Бесінші. Бұл – адами капиталды дамыту. Білім беру жүйесі экономиканы жаңғырту мен цифрландыруды ескере отырып, түрленуі тиіс. Осы тұрғыда кезекті отырыстың тақырыбын «Адами капиталды дамыту» ретінде айқындауды ұсынамын, - деп тұжырымдады Мемлекет Басшысы.

Сөз соңында Қазақстан Президенті Қазақстанның экономикасын жаңғырту мақсатында бірлескен тиімді жұмыстың маңыздылығын айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс топтарының барлық ұсыныстарын және осы отырыс барысында айтылған спикерлердің ұсынымдарын қарастыруды және ескеруді тапсырды.