АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

2019 жылғы 21-22 қарашада Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігінің қолдауымен Мадрид қаласында Қазақстан делегациясының сапары өтті.

stay
stay
[HTML]

Сапар аясында ірі испан компанияларымен, соның ішінде Мадрид қаласында (Madrid Investment Attraction) шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Кеңсе Директорының орынбасары Хесус Орехаспен бірқатар кездесулер өтті.

Кездесу барысында Astana Invest Басқармасының Төрағасы Е. Т. Балтаев инвестиция саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, оның ішінде қаланың инвестициялық ортасы мен инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ инвесторларды тарту үшін үздік тәжірибелер мен ынталандыруларды енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, сапар аясында Mercamadrid көтерме-тарату нарығына бару орын алды, ол жерде Нұр-Сұлтан қаласындағы көтерме-тарату орталықтарын басқару жүйесін енгізу және ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесулерде Нұр-Сұлтан қаласының бәсекелестік артықшылықтары, шетелдік инвестицияларға қолдау көрсету шаралары, Astana Invest – "бір терезе" қағидаты бойынша инвестицияларды тарту жөніндегі өңірлік ұйым ретінде жұмысы туралы атап өтілді.

Анықтамалық:

Madrid Investment Attraction заң, қаржы, салық және басқа мәселелер бойынша кеңестік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ инвесторлар үшін 6 айға ақысыз негізде кеңсе ұсынады (WI-FI, конференц-залдарға және т.б. қолжетімділік).

"Mercasa" мемлекеттік компаниясы ("Sociedad Estatal de Participaciones Industriales" (SEPI) испандық мемлекеттік өнеркәсіптік холдинг компаниясы және Испанияның ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы, азық-түлік және қоршаған орта министрлігі оның акционерлері болып табылады) Испанияның ірі қалаларының шетінде орналасқан 23 азық-түлік орталығынан тұратын азық-түлік көтерме базарлар желісіне ие және оларды әр қаланың муниципалитеттерімен бірлесіп басқарады.