АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

МЖӘ ЖОБАСЫН ЖОСПАРЛАУ

Жеке қаржылық бастама

БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДА

МЖӘ жобасын бастамашылық ету туралы хабарлама

«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 44-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әлеуетті жекеше әріптестің «Көлеңкелі айналымға қарсы күрес мақсатында Астана қаласының базарларының аумағында тауарлар мен қызметтерді сату жөніндегі жүйені (бағдарламалық қамтамасыз етуді) енгізу» жобасы (бұдан әрі-Жоба) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бастамашылық жасауы туралы хабарлайды.

Жобаның негізгі техникалық-экономикалық параметрлері

МЖӘ жобасының міндеттері:

1)                елді цифрландыру мақсатында мемлекеттік саясаттың талаптарына сай келетін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды құру және оның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

2)                халықты адал заңды айналымға белсенді тарту үшін маркетингтік ұтыс ойындарын өткізу;

3)                қызметтерді пайдаланушылар үшін: өңір тұрғындары, шағын және орта бизнес субъектілері, фискалдық органдар мен салық қызметтері үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Жобаны іске асыру орны: МЖӘ жобасы Астана қаласының базарларының аумағында іске асырылады.

Жобаны іске асыру кезеңі: Жобаны іске асыру кезеңі 7 жыл 2 айды құрайды.

Бюджеттен төленетін төлемдер және (немесе) мемлекеттік қолдау шаралары: «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 9-бабының 2-тармағына сәйкес: Қолжетімділік үшін төлем.

Жобаның техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей тиесілілігі

Жоба техникалық және (немесе) бірегей күрделі объектілерге жатпайды.

Ақпараттық жүйенің қуаты

Жобаның масштабы пайдаланушылардың санымен анықталады, бұл жабдықтың есептеу ресурстарының қуатына тікелей әсер етеді. Жоба аясында 1 млн-ға дейін пайдаланушыны қосу жоспарлануда.

Жоспарланып отырған МЖӘ жобасын іске асыруға мүдделі әлеуетті жекеше әріптестер хабарламада көрсетілген талаптарға және «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығының 130-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес баламалы ұсыныс ұсынады.

Әлеуетті жекеше әріптес «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚР Заңының 32-бабында айқындалған жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Баламалы өтінім берудің соңғы мерзімі

Балама ұсыныстар 2022 жылғы 11 тамыз сағат 18:00-ден кешіктірілмей қабылданады.

Ақпарат алмасу үшін байланыстар

Балама ұсыныстар жазбаша түрде мына мекенжай бойынша ұсынылады:

010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.

«Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ.

тел.: (7172) 55-14-78, 55-15-03.

Байланысатын тұлғаның аты-жөні: Мұсабекова Дария

Эл. Мекен-жайы: d.musabekova@astana.kz

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін инвесторлардың қызығушылықты білдіретін сұрау

Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің спорт алаңдарын сенімді басқаруға беру» жобасын жоспарлауға әлеуетті жеке әріптестерді тарту мақсатында МЖӘ тетігін қолдана отырып, осы жобаны іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жеке әріптестердің қызығушылықты білдіретін сұрау туралы хабарлайды.

Жобамен алдын ала Астана қаласының Білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінің (№15, №16, №18 және 35) спорт алаңдарының аумағын кейіннен жыл бойғы пайдаланумен көпфункционалды жабық спорт алаңдарын салу және пайдалану үшін сенімді басқаруға беру жоспарлануда.

Спорт алаңдарының алдын ала параметрлері:

- ғимарат бір қабатты және жоспарда 24.0*48,0 м өлшемдерді иеленеді;

- тамбур – 3,3 м. ш.;

- вестибюль – 22 м. ш.;

- киім шешетін бөлмелер (ер балалар мен қыз балаларға арналған) – 10,2 м. ш. және 12,4 м.ш.;

- спорт залы – 100,5 м. ш.;

- мед. пункт – 6,3 м. кв.;

- жаттықтырушылар бөлмесі – 8,3 м. ш.;

- жылу торабы – 3,2 м. ш.;

- себезгі бөлмелері ер балалар мен қыз балаларға арналған – 4,0 м. ш.-дан;

- дәретхана ер балалар мен қыз балаларға арналған – 1,7 м. ш.-дан.

Жобаны іске асыру кезеңі МЖӘ шартымен айқындалатын болады.

Осы жобаға қызығушылықты білдіретін сұрау бойынша ұсыныстарды мына мекенжай бойынша ұсыну қажет: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11,         7 қабат, 717 каб.

Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: осы сұрау жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн (30.09.2021ж).

Толығырақ ақпаратты «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ-де 8 (7172) 55-68-79 телефоны бойынша және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында 8 (7172) 64-72-12 телефон арқылы алуға болады.

Астана қаласының әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін инвесторлар іздеуде

Астана қаласының әкімдігі МЖӘ тетігін қолдана отырып, мәдени инфрақұрылым саласындағы жобаларды жоспарлауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында жобаларды іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруге сұрау салу туралы хабарлайды:

- «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасын сенімді басқаруға беру;

- «Атамекен» Қазақстан Картасы Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру.

Жобалармен кейіннен пайдалану үшін «Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенін сенімгерлік басқаруға беру алдын ала болжанып отыр.

Негізгі параметрлері:

«Мәңгілік ел» Триумфалды қақпасы»:

Көрме залы:

бірінші қабат, жалпы ауданы – 118,2 ш. м. (орынжай-84 ш. м.);

үшінші қабат (екі галерея орналасқан) жалпы ауданы – 111,3 ш. м. (орынжай – 45,9 ш. м., орынжай-38,1 ш. м.)

Қарау алаңы:

тұрақты панорамалық бинокльдермен жабдықталған;

жалпы ауданы-215,8 ш. м.

Жерасты өткелі:

шағын бутиктерді орналастыру және LED экрандарды орнату мүмкіндігі;

жалпы ауданы-2012,2 ш. м.;

жерасты өткелі - 907,4 ш. м.

«Атамекен» Қазақстан картасы» Этно-мемориалдық кешені:

жер учаскесінің жалпы ауданы-4,3 га;

макеттер алатын алаң-1,7 га;

жалпы ауданы 765,3 ш.м. бір қабатты ғимарат, салынған жылы – 2001 ж.

макеттердің жалпы саны – 416.

Жобаны іске асыру кезеңі конкурстық құжаттамада айқындалатын болады.

Сұрау салу бойынша осы жобаға қызығушылық білдіру ұсыныстарын мына мекенжай бойынша ұсынылсын: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 7 қабат, каб. 744.

Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданады.

Толық ақпаратты «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ 8 (7172) 55-67-76 телефоны бойынша Марденова А. және «AstanaInvest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығында Шәріпов А. 8 (7172) 64 72 12 телефоны бойынша алуға болады.


Әкімдік «Астана қаласында көшелерді ақылды жарықтандыруды құру және пайдалану» МЖӘ жобасында жеке серіктестерді іріктеуге тендер жариялайды

2019 жылғы 15 қаңтарда Астана қаласының әкімдігі, "Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ атынан, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 "Астана қаласында ақылды көше жарығын құру және пайдалану"мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасы бойынша жеке серіктестерді таңдау бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

МЖӘ жобасының объектісі:

Астана қаласында ақылды көше жарықтандыру жүйесі, оны құру және пайдалану конкурстық құжаттамада көзделген.

Конкурсқа "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында және жекеше әріптесті таңдау бойынша конкурстық құжаттамада көрсетілген біліктілік талаптарына жауап беретін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Конкурсқа қатысу және ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттар тізбесі мен әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама пакетінің көшірмесін осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сағат 8-30-дан 13-00-ге дейін және 14-30-дан 18-00-ге дейін мына мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 606а-бөлме.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің пакеті тегін беріледі.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді, сондай-ақ біліктілігі бойынша іріктеуге арналған құжаттарды желімделген конверттерге салып, әлеуетті қатысушылар "Астана қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ-не мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, № 606а кабинетке табыс етеді.

Әлеуетті жекеше әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсыну мерзімі – Астана қ.уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін қоса алғанда 2019ж.

Конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі – Астана қаласы уақыты бойынша сағат 12.00-ге дейін қоса алғанда 2019ж.

Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11, № 611 кабинет мекен-жайы бойынша Астана қ.уақыты бойынша сағат 15.00-де жүзеге асырылады.

*Анықтамалық ақпаратты "AstanaInvest "қалалық инвестицияларды дамыту орталығы" ЖШС-нен телефон арқылы алуға болады 8 (7172) 64 72 07, +77052925719.

Астана әкімдігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды іздеуде

Астана қаласының әкімдігі әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында Астана қаласындағы білім саласындағы МЖӘ тетігі қолданылатын жобаларды талқылауға (бәсекелі диалог құруға) шақырады:

Бәсекелі диалог, әрбір мүдделі әлеуетті жеке әріптестің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, жобаның техникалық, қаржылай, заң және өзге де қажетті параметрлерін қалыптастыру үшін ұйымдастырылады.

*Егжей-тегжейлі ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестиция дамыту орталығынан келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 12, 8 (775) 474 47 77 Асхат Шарипов.


Астана қ. әкімдігі «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды

Астана қаласы әкімдігі, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекен-жайында орналасқан «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ атынан «Астана қаласының білім басқармасының «Гуманитарлық колледж »мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сенімгерлік басқаруға беру» жоба бойынша 2018 жылының 29 тамызында жарияланған жеке әріптес тандау конкурсы туралы хабарлайды.

МЖӘ жоба объектілері:

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Заңының 32 бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және концессионерді таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға жауап беретін барлық әлеуетті жекеше әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жекеше әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада  көрсетілген.

Төмендегі көрсетілеген мекен-жайлар бойынша: конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 8.30-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қошқарбаев көшесі 1/2, «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС № 302 кабинете конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.

Жекеше әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, № 119 кабинет «Астана қаласының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жекеше әріптестік әлеуетті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 18 қыркүйегі, Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2018 жылдың 3 қазаныңда, Астана қаласының уақыты бойынша 13.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 үй, 119 кабинет мекен-жайында 2018 жылдың 3 қазаныңда Астана қаласының уақыты бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

*Анықтамалық ақпаратты «ASTANA INVEST» Қалалық Инвестицияларды Дамыту Орталығы» ЖШС 8 (7172) 647207, +77052925719 телефондары телефондары бойынша алуға болады.


Әкімшілік «Астана қаласында ақылды көше жарықтандыруын жасау және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша сайыс өтетіндігі туралы хабарлайды

2018 жылдың 22 маусымында Астана қаласының Әкімшілігі, «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» МБ атынан, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, «Астана қаласында ақылды көше жарықтандыруын жасау және пайдалану» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша жеке әріптесті таңдау бойынша сайыс өтетіндігі туралы хабарлайды.

МЖӘ жобасының объектісі:

Сайысқа «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 б. Және жекешелік әріптесті таңдау бойынша сайыс құжаттамасында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

Қатысу және сайыс ұйымдастырушысына ұсыну үшін әлеуетті қатысушыларға талаптар мен қажетті құжаттардың тізімі сайыс құжаттамасында көрсетілген.

Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакетін сағат 8-30 бастап 13-00 дейін және сағат 14-30 бастап 18-00 дейін сайысты өткізу туралы осы хабарландыруды жариялау сәтінен бастап келесі мекен-жай бойынша алуға болады: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қошқарбаева к-сі ½, 302 каб., «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы».

Сайыс құжаттамасы көшірмелерінің пакеті тегін түрде беріледі.

Сайысқа қатысуға сайыстық өтініштер, сонымен қатар конверттерге салынған біліктілік іріктеуге арналған құжаттар әлеуетті қатысушылармен «Астана қаласы отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқарамасы» МБ арнайы түрде келесі мекен-жай бойынша беріледі: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 каб.

Әлеуетті жекешелік әріптестің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды тапсыру мерзімі – Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 15.00 дейін.

Сайысқа қатысу үшін сайыс өтініштерін берудің соңғы мерзімі - Астана қ. уақыты бойынша 2018 ж. 31 шілде сағат 11.00 дейін.

Сайыстық өтініштер салынған конвертті ашу Астана қ. уақыты бойынша сағат 15.00, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Бейбітшілік к-сі 11, №611 кабинет мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

*Анықтамалық ақпаратты «AstanaInvest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС келесі телефон бойынша алуға болады: 8 (7172) 64 72 07, +77052925719.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін инвесторлардың мүдделерін білдіруге сұрау салу

Астана қаласының әкімдігі «Астана қаласында санитариялық-гигиеналық тораптарды құру және пайдалану» жобасын жоспарлауға әлеуетті жекеше әріптестерді тарту мақсатында МЖӘ тетігін қолдана отырып, осы жобаны іске асыру нұсқаларын жинау үшін әлеуетті жекеше әріптестердің мүдделерін білдіруді сұрау туралы хабарлайды.
Жобада елорда тұрғындары мен қонақтары көп жиналатын орындарда жыл бойы және көпфункционалды санитарлық-гигиеналық тораптар (СГТ) құру алдын ала көзделіп отыр.
СГТ алдын ала параметрлері:
- 2 модульдік құрылым;
- Коммерцияға арналған 1-модуль;
- СГТ 2 кабинасына арналған 2-модуль;
- модульдік құрылыста мүгедектерге бару үшін, оның ішінде пандустың болуы үшін жағдайлар жасалуы тиіс;
- жылыту;
- ыстық, суық су.
Жобаны іске асыру кезеңі МЖӘ шартында айқындалатын болады.
Осы жобаға мүдделерін білдіруді сұрау салу бойынша ұсыныстарды (қаржылық есептерді, техникалық ұсыныстар мен тілектерді) Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 6-қабат, 634-каб..
Ұсыныстарды ұсыну мерзімі: осы сұрау салу жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн.
Толық ақпаратты «Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы» ММ 8 (7172) 55-14-89 телефоны бойынша және «AstanaInvest» инвестицияларды дамыту қалалық орталығы» ЖШС 8 (7172) 64 72 12 телефоны бойынша алуға болады.