Медицина кез-келген қоғамның маңызды салаларының бірі болып табылады, өйткені дені сау ұлт елдің әл-ауқатына тікелей әсер етеді.
Соңғы бірнеше жылда медициналық мекемелер көрсеткен қызметтердің көлемі өсті. Қазақстанда денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызметтер көлемі 2023 жылдың III тоқсанында 737,9 млрд теңгені құрады. (2022 жыл-797,4 млрд).
Қазақстанда медициналық туризмнің дамуы да байқалады. Жыл сайын Қазақстанның медициналық мекемелеріне ТМД, БАӘ, Түркия, Қытай, Батыс Еуропа және АҚШ елдерінің азаматтары келеді.
Астана Қазақстанның медициналық туризмі бойынша көшбасшы болып табылады. Елордада Joint Commission International халықаралық аккредитациясы бар жеті инновациялық денсаулық сақтау нысаны орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласы инвесторлар үшін тартымды. 2022 жылы денсаулық сақтау саласына салынған инвестициялар 50,2% - ға өсіп, 470 млрд теңгеге жетті.
Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде елде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жолымен осы саланы дамыту үшін жағдайлар жасайды. Инвесторларға жеңілдетілген несие шарттары, кедендік баждар, салықтық жеңілдіктер және заттай гранттар ұсынылады.