АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Тамақ өнеркәсібін дамыту азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан да, Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамыту тұрғысынан да стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.

Тамақ өнеркәсібінің негізгі салалары ет, сүт, балық, ұн-жарма, нан пісіру, макарон, сыра қайнату, ликер-арақ және басқа да өндірістерден тұрады.

2022 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіп құрылымында тамақ өнімдерін өндіруге 14,1%, сусындар өндіру секторына - 3,7% келеді.

Соңғы 5 жылда азық-түлік өндірісінің көлемі 87%-ға өсіп, 2022 жылы 2 914 млрд теңгені құрады.

Тамақ өнеркәсібі өнімдері Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне және таяу шет елдерге белсенді экспортталады. Мәселен, Қазақстан экспортының көлемі 2022 жылы 5,6 млрд долларды құрады, бұл Қазақстанның барлық экспортының 7%.

Сондай-ақ, соңғы 5 жылда азық-түлік өндірісіне тікелей шетелдік инвестициялар 2 есе өсті, бұл осы саланың шетелдік компаниялар үшін жоғары тартымдылығын көрсетеді.

Бүгінгі күні Мемлекет республикалық және жергілікті атқарушы деңгейде отандық тамақ өнімдерін өндірушілерге субсидиялар беру, кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету, салықтық және кедендік жеңілдіктер және т. б. түрінде қолдау көрсетуде.