АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«ЯКУТИЯ ҚАЗЫНАСЫ» көрмесі

stay

2024 жылы 19 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Саха Республикасы (Якутия) «Якутия қазынасы» атты көрмесі ашылады.

Көрмеге сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің эксклюзивті, авторлық жұмыстары, Саха Республикасы Қазына қоры жинағының коллекциясынан минералогиялық үлгілер қойылған.

Көрмеде тұрмыстық қажеттіліктер мен аң аулауға арналған дәстүрлі якут пышақтарының алуан түрлерімен қатар мамонт азуы мен асыл тастармен көмкерілген сирек материалдардан жасалған кәдесый өнімдерімен танысуға болады.

Назар аударыңыз! Дүйсенбі - демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі - санитарлық күн. Бұл күндері музей жабық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі

Астана қ., Тәуелсіздік даңғ., 54