2020 жылдың 14-ші ақпанында «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы және Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) өкілдері кездесті. Кездесуде «Astana Invest» елорда инфрақұрылымын дамытуға инвестиция тарту мүмкіндіктерін Еуропалық қайта құру және даму банкі қызметі аясында қарастыруға қатысты қызығушылық танытты.
Банкирлер Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаланың тұрғын-үй коммуналды қызметі, жылумен, энергиямен және сумен қамтамасыз ету салаларын қаржыландыруға атсалысу мүмкіндігі бар екенін айтты. ЕҚДБ-дан қаржыландыру алу үшін нақты пилоттық жоба қажет екенін айта кеткен жөн.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлесе жұмыс жасауға болатын бағыттарды анықтады.
Анықтама: Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕБРР) – 1991 жылы құрылған дүниежүзілік ұйым. ЕҚДБ – коммерциялық банк емес. Оның мақсаты – нарықтық экономикаға өтуді қолдау мақсатында қандай да бір мәселенің бірегей шешімін тауып, жаңа мекемелер жұмысын ынталандыру. Қазіргі уақытта мекеме әлемнің 30 мемлекетінде жұмыс істейді.
Суретте: (солдан оңға қарай) ЕҚДБ Жетекші банкирлері Майра Карасаева, Аббас Офаринов, «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы басшысы Ержан Балтаев және кеңесші Дина Даниярова.