Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.С. Көлгіновтың Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі

stay
stay
stay
[HTML]

Бүгін «Astana Invest» Халықаралық қаржы орталығының алаңында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. С. Күлгіновтың Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесуі өтті.

Кездесу ҚР Сыртқы істер министрлігінің, АХҚО қолдауымен «Astana Invest» инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік ұйымымен, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен ұйымдастырылды.  

Кездесудің негізгі тақырыбы - Нұр-Сұлтан қаласына инвестиция тарту.

Іс-шараға «Астана» Халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы Қ. Н. Келімбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. С. Күлгінов, ҚР аккредиттелген 60-тан астам шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, «Astana Invest» ҚИДО» ЖШС Басқарма Төрағасы Е. Т. Балтаев қатысты.

Кездесу аясында «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығы» ЖШС мен «Қазақстандағы Француз мектебінің ата-аналар қауымдастығы» КҰ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.


Іс-шара барысында «Astana Invest» Басқармасының Төрағасы Е. Т. Балтаев қаланың инвестициялық әлеуетінің таныстырылымымен сөз сөйледі, онда астанаға инвестициялаудың 5 негізгі себептері, оның ішінде қаланың негізгі экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты өсуі, адами капиталдың, инфрақұрылымның дамуы, сондай-ақ инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары және Нұр-Сұлтандағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар атап өтілді.