Нұр-Сұлтанда инновациялық көшелерді жарықтандыру мұнараларын шығаратын зауыт іске қосылды

[HTML]

Бүгін «Maxvidl» компаниясы Нұр-Сұлтанда қаласы Әкімдігінің өкілдерімен бірлесіп, көшені жарықтандырудың инновациялық тіректерін өндіретін зауыттың өндірістік желісін іске қосты.

Қонақтарды «Maxvidl» ЖШС зауытының Директоры Асхат Рахимов қарсы алды және зауыт бойынша экскурсия өткізді. Қонақтар өндірістің инновациялығын жоғары бағалады,сондай-ақ жол құрылысы мен автожолдарды жөндеу кезінде композиттік материалдардан жасалған жаңа жарықтандыру тіректерін пайдалану қажеттігін атап өтті.

А. Рахимов «Maxvidl» компаниясының Нұр-Сұлтанға инвестициялары қала Әкімдігі ұсынған преференциялар мен «ТДҰА» АҚ грантының арқасында компания бизнесін дамытуға бағытталған ойластырылған және ұзақ мерзімді қадам болғанын атап өтті.

Бұл өнім «Maxvidl» компаниясының ресейлік әзірлеушімен және бүкіл Ресейде танымал «Машспецстрой» ЖШҚ жабдықтар өндірушімен бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. Жарықтандыру композиттік тіректерін өндіру технологиясы құрылыстың жеңілдігін қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде көлік шығындары қысқартылады және қауіпсіздіктің барлық аспектілері іске асырылады.

«Шыны пластиктен жасалған жарықтандыру тіректері мырышталған және бетон аналогтарын алмастыруға келді. Бұл материал жемірілуге қарсы қасиеттерге және ұзақ уақытқа ие, ол химиялық заттардың әсеріне төзімді және оңай құрастырылады», - деді А. Рахимов.

Зауыт жаңа тіректерді өндіруге арналған озық жабдықтармен жабдықталған. Еуропалық технологияны қолдану 1º дейінгі әр түрлі бұрыштарда орау әдісімен шыны талшықтан жасалған тіректерді өндіруге мүмкіндік береді. Мұндай орау әдісі өнім сапасының жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік береді. Мұндай технология арқылы тірек келесі негізгі артықшылықтарға ие:

  • Соққыларға төзімділіктің жоғары деңгейі;
  • Барлық пайдалану кезеңі бойы эстетикалық көрініс;
  • Ұзақ пайдалану мерзімі;
  • Металл аналогтармен салыстырғанда төмен құны.

Анықтама:

  • Бұл өндірісті іске қосу 40 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
  • Өндіріске салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1 млрд. теңгеден асады.
  • Зауыттың өндірістік қуаты - жылына 10 мыңнан астам тірек.