АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

NURIS технопаркінің резиденттері Индустриялық парк №1 зауыттарына барды

stay
stay
stay
stay
stay

NURIS технопаркінің (Nazarbayev University Research Innovation System) резиденттері Индустриялық парк №1 кәсіпорындарына таныстыру экскурсиясына қатысты. NURIS – Назарбаев Университетінің инновациялық кластері және «Астана Технополис» АЭА қатысушысы болып табылады. Танысу барысында қатысушылар бірқатар жетекші өндіріс орындарын аралады.

Алғашқы аялдама Utaria LTD зауыты болды, онда резиденттер кәсіпорындағы өндіріс процестерімен және қолданылатын инновациялық технологиялармен танысты. Бүгінгі таңда компания 500-ден астам тігін және тоқыма өнімдерін ұсынады. Экскурсия Barys Engineering & Technology зауытына жалғасты, бұл зауыт радиобайланыс жабдықтарын әзірлеу және өндіруге маманданған. Бағдарламаның соңғы нүктесі Kazakhstan Paramount Engineering зауыты болды, онда машина жасау және қорғаныс өнеркәсібіндегі заманауи шешімдер көрсетілді.

Экскурсия индустриялық парктің әлеуетімен танысуға және АЭА қатысушылары арасындағы болашақ ынтымақтастықты орнатуға мүмкіндік берді.