Ресей мен Қазақстан – маңызды стратегиялық серіктестер

stay
stay
Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 30 миллиард долларды құраса, биыл бұл көрсеткіш тағы 9 пайызға артты. Ынтымақтастықтың негізгі салаларының қатарында энергетика, машина жасау, металлургия, мұнай-химия өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы бар. Қазіргі таңда тараптар 70-ке жуық бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Бүгінде Қазақстан мен Ресей бірыңғай өндірістік тізбектер қалыптастыруда. Бұл енді жай ғана экспорт пен импорт емес, жоғары қосылған құны бар өнімдерді бірлесіп өндіру үдерісі. Дәл осындай модель қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық интеграцияның негізіне айналып келеді.

Екі ел жалпы құны 48 миллиард доллардан асатын өнеркәсіптік кооперация бағытындағы 170-тен астам бірлескен жобаны жүзеге асыруда. Олардың қатарында машина жасау, металлургия, химия өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар бар.

Толығырақ МИР24 телеарнасының сюжетінде:  https://kz.mir24.tv/news/16672176/ekonomika-energetika-i-kosmos.-v-kakih-sferah-sotrudnichayut-rossi...