АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«Атамекен - Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің өкілдерімен бірлескен мәдени іс-шаралар өткізу талқыланды

stay
stay
stay
[HTML]

30 маусымда Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев ашық аспан астындағы музей-саябаққа экскурсия барысында «Атамекен - Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің өкілдерімен бірлесіп мәдени іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін талқылады.

Аумағы 1,7 гектарды құрайтын кешен 200-ден астам көрнекті орыннан тұрады. Жыл сайын елордалық туристер бұл жерге өте қысқа уақыт ішінде елдің ең маңызды көрнекті жерлерін зерттеу үшін келеді.

Әлемдік пандемия экономиканың көптеген салаларына теріс әсер еткені сөзсіз. UNWTO деректеріне сәйкес әлемдегі туристер саны 2020 жылы 74%-ға азайды, 2020 жылы Қазақстандағы шетелдік туристер саны да 74%-ға азайды.

Бұл ретте енгізілген шектеулер ішкі туризмді дамыту әлеуетін ашуға көмектесті. Ақтау (Rixos Water world), Көлсай, Баянауыл, Түркістан (Керуен Сарай) және т.б. сияқты қазақстандық курорттар белсенді жұмыс істей бастады.

Сонымен қатар, туристік инфрақұрылымды дамыту аясында елордада «Қазақстанның үстінен ұшу» және «Астананың үстінен ұшу» фильмдері бар «Ұшатын театр» аттракционын ашу жоспарлануда, онда еліміздің барлық өңірлерінің негізгі көрікті жерлері, киелі орындары мен бірегей табиғи ландшафттары қамтылатын болады.