Механикаландырылған суару және ауыл шаруашылығы үшін технологиялық жетістіктер саласындағы әлемдік көшбасшы Valmont Irrigation және Kusto Group халықаралық компаниясымен кездесу өтті
[HTML]
Механикаландырылған суару және ауыл шаруашылығы үшін технологиялық жетістіктер саласындағы әлемдік көшбасшы Valmont Irrigation және Kusto Group халықаралық компаниясымен кездесу өтті.
Компаниялар елорда аумағында Valley сауда маркасының ирригациялық жабдықтарын өндіретін зауыттың құрылысын жоспарлап отыр.
Инвесторлар үшін қаланың инвестициялық мүмкіндіктерінің, оның ішінде Қазақстанда қолданылатын инвестициялық артықшылықтардың тұсаукесерін өткізді, сондай-ақ жоба бойынша ынтымақтастықтың ықтимал нысандарын талқылады.
Анықтамалық:
- Valmont Industries, Inc . - инфрақұрылым мен ауыл шаруашылығы нарықтарына арналған өнімдер мен қызметтердің жетекші өндірушісі және дистрибьюторы.
-
Компания төрт негізгі бизнес-сегментті қамтиды: инженерлік тірек және жабын құрылымы, ирригациялық және коммуналдық құрылыстар.
-
Компания 6 құрлықта орналасқан 80-нен астам түрлі кәсіпорындарда өнім шығарады және 23-тен астам елде бизнес жүргізеді.
-
Valmont көптеген жеке брендтерден тұрады (Valley, Valmont Highway, Valmont SM, Valmont Tubing, AgSense, Carsonite, CES, CMT, Convert Italia, CSP Coatings, Industrial Galvanizers, Ingal Civil және т.б.).
-
Компанияның сатылымы 2018 жылы 2,76 млрд. АҚШ долларын құрады.
-
60 жылдан астам уақыт бойы Valley айналмалы суару жабдығы саладағы ең сенімді бренд болып табылады.