Жақында жетекші неміс компанияларының делегациясы елордадағы экономикалық орталық — «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ның №1 индустриалды паркіне іссапармен келді.
Сапар барысында қонақтар зауыттағы өндіріс процесімен танысып, қазақстандық мамандармен тәжірибе алмасты.
Бұл жұмыс кездесуі қазақстан-герман өнеркәсіптік байланыстарын нығайтудың маңызды қадамына айналып, бірлескен бастамалар мен инвестициялар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.