


Тау-кен өнеркәсібі Қазақстан Республикасының жалпы өңірлік өнімінің 14%-ын алады. Осыған байланысты осы салада қолданылатын машиналардың жоғары импорты байқалады.
2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша тау-кен машинасын жасау өндірісінің көлемі 15,6 млрд. теңгені құрады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінде қолданылатын машиналарға арналған бөлшектерді өндіруге маманданған 42 кәсіпорын жұмыс істейді.
Машина жасау саласы шикізаттық емес секторды индустриялық дамытудың басым бағыттарының қатарына енгізілген және оны дамытуды мемлекет қолдайды.
Статистика көрсеткендей, машиналардың импорты жоғары болып қала береді және жыл сайын өсіп келеді. Сондықтан Нұр-Сұлтанда тау-кен өнеркәсібіне арналған машиналар өндірісін ашу тиімді болуы мүмкін. Бұған сондай-ақ ықпал ететіндер:
- Қазақстанның орналасуы, оның ішінде Нұр-Сұлтанның экспортқа арналған ірі нарықтардың орталығында орналасуы;
- тауарларды жақын елдерге экспорттауға мүмкіндік беретін дамыған көлік жолдары;
- мемлекеттің кәсіпкерлерге субсидия, қаржыландыру және несиелендіру түрінде көрсететін қолдауы.