АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

«Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы елордалық туристік фирмаларға таныстырылды

[HTML]

Arman tour, Kompas.asia, Activetours, Agrotravel, Comfort travel және A-J-Travel.kz туристік компанияларының басшыларына қала сыртындағы турларды ұйымдастырумен айналысатын «Visit Nur-Sultan» қаланың әріптестік бағдарламасы таныстырылды, оның мақсаты туризм саласындағы қызметтердің сапасын жақсарту болып табылады.

Кездесу барысында Astana Invest Басқарма Төрағасының орынбасары Жалғас Молжігіт ішкі туризмді дамыту, оның ішінде демалыс күндері турларды ұйымдастыру, жаңа туристік өнімдер мен қызметтер құру бойынша бірқатар мәселелерді айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша қалада туризмді дамыту бойынша ынтымақтастық туралы, сондай-ақ серіктестік бағдарлама шеңберінде бірлескен іс-шаралар өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.