Astana Invest Басқарма Төрағасы Ержан Балтаев EBRD Халықаралық қаржы институтының (Еуропалық қайта құру және даму банкі) өкілімен кездесті.
Кездесуде тараптар экономиканың басым салаларын қоса алғанда, инвестициялық жобаларды қаржыландыру шарттарын талқылады.
Қала үшін «жасыл жобаларды» қаржыландыру, муниципалдық ғимараттар мен құрылыстардың энергия тиімділігін арттыру, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.
Сонымен қатар, одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.