Astana Invest төрағасы Австрияның Төтенше және Өкілетті Елшісімен перспективалық инвестициялық жобаларды талқылады
[HTML]Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев Австрия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Вилли Кемпелмен кездесуде Астананың инвестициялық мүмкіндіктерімен, екі мемлекеттің жан-жақты ынтымақтастығы бойынша, сондай-ақ Astana Invest компаниясының қызметі туралы ұсыныстарымен таныстырды. Өз кезегінде Кемпель мырза Австрия елшілігінің екіжақты ынтымақтастыққа қатысуы туралы көзқарасын білдірді.
Қазақстан-Австрия бизнес-ынтымақтастығын нығайту шеңберінде тараптар заманауи диагностикалық орталық, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласындағы биологиялық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты сияқты инвестициялық жобаларды іске асыруды талқылады. Сонымен қатар, экономиканың мәдени-туристік бағыты аясында кинофестиваль, би балдары, көрмелер, дөңгелек үстелдер мен форумдар өткізу бойынша бірқатар бастамалар ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыру бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты. Тұжырымдама мен іс-шаралар ауқымы туралы алдын ала уағдаластықтарға қол жеткізілді.