14 қыркүйекте Астана қаласы мен Қарағанды облысының тауар өндірушілер форумы «Барыс-Арена» cарайында өтті.
Форум аясында, отандық тауар өндірушілер делегациясы өз кәсіпорының қызметі туралы әңгімелеп, шығарылған өнімдердің үлгілерін бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктеріне, құрылыс ұйымдары мен қаланың супермаркеттеріне ұсынды.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары, сондай-ақ Қарағанды облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қарағанды облысының әлеуетін таныстырды.
Көрменің шеңберінде Астана қаласы мен Қарағанды облысының тауар өндірушілерінің әлеуетті тұтынушылар арасында B2B-диалогтар өткізілді.
Сонымен қатар, Астана қаласының құрылыс компаниялары мен Қарағанды облысының тауар өндірушілері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.