Көлік саласына инвестициялау туралы

[HTML]

Еліміздің үлкен аумағы мен елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы көлік саласын Қазақстандағы ең маңызды экономикалық салалардың біріне айналдырды.

Машина жасаушылар одағының мәліметтері бойынша, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты елде төтенше жағдайдың енгізілуіне қарамастан, машина жасау саласы өсіп келеді.

Мәселен, машина жасау саласында:

  • 2019 жылдың қаңтар-маусым айларында - 553 млрд. тг.;
  • 2020 жылғы қаңтар-маусымда - 765 млрд. теңге сомасына тауарлар өндірілді.

2019 жылы көлік саласына негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,6 млрд теңгені құрады.

Көлік Нұр-Сұлтан қаласының импорт бойынша топ-3 саласына кіреді:

  • өнеркәсіптік жабдық;
  • құрылыс;
  • көлік.

Осы санаттағы ең импортталатын тауарлар:

  • жүк вагондары;
  • локомотивтердің бөліктері;
  • тракторлар;
  • ұшу аппараттары (ұшақтар, тікұшақтар).

Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда поездардағы жүк айналымының үлесі - 41%.

Қазақстанда жүк вагондарының, тепловаздардың және электровоздардың өндірушілері:

  • «ЗИКСТО» АҚ»;
  • «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «Қазтеміртранс» АҚ»;
  • «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ;
  • «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС болып табылады.

Көлік өндірісі Қазақстандағы басым сала болып табылады. Мұндай салаларды дамыту үшін мемлекет Арнайы экономикалық аймақтар құрды.

Өз қаражатын осы салаға салғысы келетін және АЭА қатысушысы бола алатын инвестор мынадай жеңілдіктерге ие болады:

  • корпоративтік табыс салығынан, жер салығынан, мүлік салығынан және қосылған құн салығынан босату;
  • шикізат пен жабдыққа кедендік баж салығынан босату.

Инвестор АЭА аумағында тегін жер учаскесін де ала алады. Бұл аумақта оны дайын инженерлік инфрақұрылым және қажет болған жағдайда шетелдік жұмыс күшін жалдаудың жеңілдетілген рәсімі күтеді.