АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Елорда әкімдігінде жаңа инвестициялық жобалар қаралды

stay
stay
[HTML]

Елордада қала әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен онлайн форматтағы инвестициялау жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Кездесуде білім, спорт, медицина және логистика саласындағы 17 жаңа перспективалық жобалар таныстырылды, олардың іске асырылуы ел экономикасына шамамен 75 миллиард теңге инвестиция тартып, 1400-ден астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Мысалы, білім беру саласындағы жобаларды іске асыру қосымша 9500 мектепке дейінгі және оқушылар орындарын құруға мүмкіндік береді. Білім беру саласындағы жобалардың ішінде STEM (Science, Technology, Engineering and Math) оқыту жүйесімен халықаралық мектеп пен балабақша құрылысын ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар, бұл мектептер халықаралық ұйымдармен аккредиттелген: Сингапурдың емтихан және бағалау кеңесі (SEAB), Кембридж университеті, ACT білім беру шешімдері.

Экономиканың өндірістік секторына инвестицияларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Өнеркәсіптік пайдалануға арналған бір реттік маскалар, әртүрлі қуаттылықтағы электр қозғалтқыштары, электрмен, жылумен және сумен жабдықтау, жеке гигиена және денсаулық сақтау өнімдері, бетондар бойынша «ақылды» өлшеу құралдары мен жүйелерін өндіру бойынша жобалар қолдау тапты. Бұл салаға жалпы инвестиция көлемі 9,546 млрд теңгені құрайды.

Елордада медицинаны одан әрі дамыту мақсатында корей әдіснамасы мен технологиясы бар медициналық орталық салу жобасы қолдау тапты.

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қауіпсіздігін дамыту шеңберінде сақтаудың ең жоғары талаптарына жауап беретін ірі көкөніс сақтау қоймасын салу жоспарлануда, бұл елордамызды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектеседі. Жоба 50-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсету орталығын салу жобасы агроөнеркәсіп кешені үшін маңызды болады. Бұл жоба Ақмола облысындағы ауылшаруашылық техникаларын сапалы қызметпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша әкімдік ұсынылған жобалар туралы келісімге келді, оларды жүзеге асыру үшін жер учаскелерін бөлу, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген инвестициялық преференциялар бөлігінде толық қолдау көрсетіледі.