АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Өнеркәсіптік даму бойынша баспасөз конференциясы

stay

«Астана қаласының коммуникациялар қызметі» алаңында «Елорда өнеркәсібін дамыту, 2023 жылға арналған жоспарлар» тақырыбында Astana Invest Арнайы экономикалық аймақтарды дамыту жөніндегі департаментінің директоры Дияр Асқаров брифинг өткізді.

2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 909,7 млрд. теңгені құрады, НКИ – 101,7%.

Өңдеу өнеркәсібінде 1 738,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ – 101,2%.

Қаланың өнеркәсібі негізінен Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарымен ұсынылған-өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінің 91%; электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау – 7,6%; сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау мен бөлуді бақылау – 1,3%.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салалары: металлургия, машина жасау, басқа металл емес минералды өнімдер өндірісі, сусындар өндірісі, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру және тамақ өнімдері. Қалалық өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі үлесі № 1 Индустриялық паркте, технопаркте, Өндіріс кентінде шоғырланған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың ЖӨӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 6,7% - құрады.

Жоспар 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 10% - ға дейін ұлғайту көзделген.

2022 жылғы қаңтар-тамызда елорданың өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 1 743,6 млн.АҚШ долларын құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5 есе өсті.

Қаңтар - желтоқсандағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 1 446,8 млрд. теңге. Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар 1 093,6 мың теңге, яғни 3,2% өсіммен.

Елорда шетелдік инвестицияларды тарту бойынша 7-ші орында.