Халықаралық мектептің қабырғасы қаланбақшы

stay
stay
[HTML]

«Astana Invest» қабырғасында «Emirates Global Education Group» компаниясының өкілдері кездесті. Кездесу барысында жаңа мектеп құрылысының басталуы талқыланды. Бұл жоба ағылшын әдісімен қоса цифрлық білім беру жүйесін енгізуге бағытталған. 


«Astana Invest» төрағасы Ержан Балтаев «SABIS халықаралық мектеп» қазақстандық жобасының кураторы Рами Малак пен «Emirates Kazakhstan Education Investment Group» Басқарма төрағасы Руслан Жұмағұловпен болашақ мектеп аумағының құрылысқа дайындығы туралы сұхбаттасты. 

«SABIS халықаралық мектеп» жобасының кураторы Рами Малак құрылыстың басталуына қажетті инфрақұрылымның дайындығы мен үш мың орынға жоспарланған мектеп аумағына кіру жолдарының дайындығы туралы сұрады.

«Astana Invest» басшысы жаңа мектептің салынуы астананың білім саласындағы инфрақұралымын дамытуға үлес қосатынын айтты. «Бұл қаланың жаңа аудандарының бірі. Құрылыс жүргізілетін жер пайдаланылуға дайын. Мектеп салуды қазір бастай беруге болады» - деді «Astana Invest» басшысы.

Анықтама: «SABIS» білім беру жүйесі әлемнің 17 елінде жұмыс істейді. Аталған бренд аясында 70 000 оқушысы бар 80 мектеп бар. «SABIS»-тің ең бірінші мектебі 1886 жылы Бейрутте (Ливан) ашылды. Бүгінгі таңда халықаралық мектептің білім бағдарламасы Ұлыбритания мен АҚШ-та қабылданған. Кешенді білім беру жүйесі ағылшын, математика және әлем тілдері ғылымдарына бағытталған.