Astana Taxi Service компаниясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Бас директоры Олег Фатюхинге басты мақсаты туризм саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту болып табылатын қаланың «Visit Nur-Sultan» серіктестік бағдарламасы таныстырылды. Бағдарламаға қатысушылар: қонақ үйлер, қаланың көрікті жерлері, мейрамханалары, сервистік және көліктік компаниялар.
«Astana Taxi Service» компаниясы «Taxovichkof Astana» сауда маркасымен Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жолаушылар тасымалы сервисін ұсынады. Компанияның жеке паркі бар, онда 500-ден астам автокөлік және 5 жылдан астам көлік жүргізу тәжірибесі бар кәсіби жүргізушілер бар.
Кездесу барысында тараптар ішкі туризмді дамыту саласындағы перспективалы жобаларды дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі бірқатар мәселелерді талқылады.