2021 жылғы 9 шілдеде Бурабай паркінде «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы, Ақмола облысының туризм басқармасы, ҚР Президенті Іс Басқармасының «Бурабай Даму» ЖШС, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің, сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы мен Ақмола облысының туризм индустриясы өкілдерінің қатысуымен Өңіраралық дөңгелек үстел форматында екі өңірдің туризмін дамыту мәселелері талқыланды.
Іс-шара «Visit Nur-Sultan» қалалық серіктестік бағдарламасын дамыту шеңберінде ұсынылатын сервис деңгейін арттыру, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды дамыту үшін Ақмола облысындағы бизнес өкілдерін тарту мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуде қала сыртындағы турлар мен демалыс күндерінің турларын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Әлемдік пандемияға байланысты дағдарыстық жағдай елдегі туризмнің дамуына теріс әсер еткені сөзсіз. Сонымен қатар, енгізілген шектеулер ішкі және аймақаралық туризмді дамыту әлеуетін ашуға көмектесті.
«Бүгін екі өңірдің туристік әлеуетін дамытуды талқылау бойынша маңызды іс-шара өтті. Біз күш-жігерді біріктіру және идеялармен алмасу жөніндегі ортақ міндетті белгіледік. Ақмола облысының туризм басқармасы және Бурабай Даму ҚР ПІБ Бірлесіп біз Нұр-сұлтан-Бурабай екіжақты турларын дамытып, инфрақұрылымды дайындап, қызмет көрсету сапасын арттыратын боламыз», - деді өз сөзінде Astana Invest Басқарма төрағасы Ержан Балтаев.
Дөңгелек үстел барысында тараптар өңірлерде эко және этно туризмді дамыту, жаңа туристік өнімдер мен туристік бағыттар құру, бірлескен кросс-маркетингтік іс-шаралар өткізу, Қазақстандық агро және ауылдық туризм қауымдастығымен бірлесіп ауыл тұрғындары үшін оқыту семинарларын өткізу мәселелерін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша, Astana Invest пен Ақмола облысының туризм басқармасы және ҚР ПІБ "Бурабай Даму" ЖШС арасында туризм саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және кеңейту мақсатында меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан басқа, іс-шара
шеңберінде "Forest Farm" демалыс аймағына, "AQ BURA"
курортына бару, орталыққа бару, сондай-ақ Щучинск-Бурабай курорттық аймағының
туристік инфрақұрылымымен танысу ұйымдастырылды.