АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Ұлттық музейінде Леонардо да Винчидің «Әдемі ханшайым» картинасы көпшілік назарына ұсынылды

stay
stay

Елорданың барлық қонақтары мен тұрғындарын Леонардо да Винчидің әйгілі шығармасының әсемдігін тамашалау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне келуге шақырамыз! 

2024 жылғы 7 маусым - 4 тамыз аралығында Қазақстан Ресубликасының Ұлттық музейінде «Әдемі ханшайым» көрмесі өтуде. 

Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa (Әдемі ханшайым) Қазақстан жұртшылығына ұсынылады. Сурет Сфорциада Варшавалық кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан көрінісі деп танылған. La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады.

La Bella Principessa — Леонардо да Винчидің XV ғасырдың аяғында салған туындысы, онда итальяндық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті бейнеленген. Жоғалып, кейін қайтадан табылған шығарма шебердің ең жұмбақ және таң қалдыратын туындыларының бірі болып табылады. Бұған дейін картина бүкіл әлем бойынша бес рет қана көрсетіліп, әр уақытта сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Дүйсенбі демалыс күні, айдың соңғы сейсенбісі санитарлық күн. Бұл күндері музей жабық.