Конституция күнімен құттықтаймыз!
Құрметті достар!
Баршаңызды еліміз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймыз!
Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.
Ата заңды ардақтау - келешекке керуен тартқан, мемлекетіміздегі әрбір азаматтың асыл парызы.
Баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз және алда тұрған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізіп, толағай табыстарға жетулеріңізге тілектеспіз!
Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!