Astana Invest Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Гарифуллин «ViaMedis» ЖШС Бас директоры Михаил Копцевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында М. Копцев «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығын ашу» инвестициялық жобасын таныстырды, сондай-ақ осындай жобаларды Көкшетау және Степногорск қалаларында жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.
Astana Invest қызметкерлері бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ инвестициялық преференциялар алу мүмкіндіктері туралы түсіндірді.