Бүгін Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың төрағалығымен Өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті.
Штаб құрылғалы, қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен оның орынбасары Евгений Глотовтың басшылығымен инвестициялық штабтың 10 астам отырысы өткізілді. Оның барысында инвестицияларды тартуға және түрлі жобаларды іске асыруға қатысты 280-ге жуық мәселе қаралды.
Бүгінгі жиында жаңа инвестициялық жобалар үшін жер учаскелерін іздеу, техникалық шарттарды беру, нақты жоспарлауды түзету және әзірлеу, сондай-ақ шұғыл шешімді талап ететін өзге де өзекті мәселелерді талқыланды.
Отырыс аясында Астанада іске асырылатын бірнеше маңызды инвестициялық жобалар таныстырылды. Мәселен, экспресс-форматтағы Zebra Coffee кофеханаларының халықаралық желісі жақын арада Орталық кеңсе мен цех құрылысын бастайды. Zebra Coffee - Қазақстанның барлық өңірінде, сондай-ақ Қырғызстан, Әзірбайжан және Түркияда ұсынылған астаналық бренд. Орталық кеңсе кофені қуыру, жинақтау және экспорттау бойынша елорданың басты нүктесі болады.
Сондай-ақ, инвесторлар астананың шалғай аудандарында бастауыш сыныптарға арналған мектептер, Халықаралық қазақ-француз мектебі, 1 100 орындық қолжетімді мектеп салу бойынша жобаларды ұсынды.
Шетелдік инвесторлар Үндістандық құрылғылармен жабдықталған қазақстандық диагностикалық орталық құру және бизнес-орталық салу жобалары туралы баяндап берді.
Отырыс барысында түсті металдар қорытпалары мен қышқылды аккумуляторлар шығаратын зауыт салу, сондай-ақ 15 000 паллетоместрлік тоңазытқыш қоймасын құру бойынша жобалар да ұсынылды. Елордадағы тұрақтар көлемін кеңейту мәселесі де қарастырылды.
Осы жобалардың барлығы жаңа жұмыс орындарын ашуға және Астананың экономикасын дамытуға бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Евгений Глотов жергілікті атқарушы органдар мен коммуналдық қызметтердің қала аумағында инвестициялық жобаларды іске асыруда тиісінше қолдау көрсетуге дайын екендігін атап өтті.