Астананың Инвестициялық штабы жаңа жобаларды талқылады

stay
stay
stay
stay

Бүгін Астана әкімдігінде қала әкімі Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Аймақтық Инвестициялық штабтың отырысы өтті.

Мысалы, бұл темірбетон құрастырмалы конструкцияларды, арнайы жұмыс аяқ киімін, толық циклді санитарлық-гигиеналық қағаз өндіретін зауыттардың құрылыс жобалары.

Сонымен қатар, Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған этно-демалыс базасы мен ат-спорт кешенінің құрылысы, шахмат академиясы, балмұздақ және басқа да азық-түлік өнімдерін өндіру, тарату және сақтау үшін логистикалық кешен жобалары қаралды.

Аталған жобалар қалаға 16 миллиард теңге көлемінде жеке инвестиция тартуға және шамамен 700 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Жеңіс Қасымбек инвесторларды қолдау және туындайтын мәселелерді жедел шешу қажеттігіне назар аударды.