Инвестициялар сандарда

[HTML]

2019 жылдың қантар-қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының негізгі капиталына салыңған инвестициялар туралы ақпаратты назарларынызға ұсынамыз.

2019 жылдың қаңтар- қараша айларында Нұр-Сұлтан қаласының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 783,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 9,4%-ға аз.

Көрсетілген мерзім ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың төмендеу себептерінің бірі - құрылыс қарқынының жалпы төмендеуі. Құрылыс жұмыстарының көлемі осы жылдың басынан бастап 1,6% -ға (НКИ 98,4%) төмендеді және 457,8 млрд теңгені құрады, сонымен қатар тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 37,4% -ға немесе 1 433,1 мыңға азайды. ш.м. (НКИ - 62,6%).

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражаты 69,0% (540,2 млрд.теңге) құрайды, бюджет қаражатына 14,7% (115,4 млрд. теңге), басқа да қарыз қаражаттарына 9,1% (71,6 млрд. теңге), банк несиелері - 7,2% (56,4 млрд. теңге) тиесілі.

Пайдалану бағыттарына бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар ең үлкен үлесі жылжымайтын мүлікпен операцияларға (397,7 млрд. теңге), көлік және қойма саласына (153,0 млрд. теңге) және өнеркәсіпке (50,8 млрд. теңге) келеді.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялар 1,7 млрд. теңгеге өсті, және 198,9 млрд. теңге құрады (2018 жылғы қантар-қараша - 197,2 млрд. теңге). Сыртқы инвестициялардың үлесі 23,1%-дан 25,4%-ға дейін көбейді.

Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 710,5 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8% төмен.

Қаланың негізгі инвесторы - инвестициялардың жалпы көлемінің 83,6% -ын құрайтын шағын кәсіпкерлік болып табылады (ірі бизнес - 9,5%, орта бизнес – 6,9%).

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті