Инвестициялар сандарда

[HTML]

2018 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 067,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 2,1%-ға жоғары.

Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 62,8% (669,7 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, бюджет қаражаты 17,6% (188,2 млрд. теңге), басқа қарыз қаражаттары 17,1% (182,9 млрд. теңге), банктердің несиелері 2,5% (26,7 млрд. теңге),

Сыртқы инвестиция көлемі 256,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге көбейді (201,6 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 21,1%-дан 24,0%-ға дейін көбейді. Жан басына шаққандағы инвестиция көлемі 1 021,3 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1% төмен.

Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 67,8% -ын құрайды (ірі бизнес – 19,1% -ы, орта бизнес – 13,1% -ы).

Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті