2018 жылдың қаңтар - желтоқсан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1 056,7 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнен 0,7% артық.
Инвестициялар құрылымында қаржыландыру көздері болып 65,5% (692,0 млрд. теңге) кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа тиесілі, басқа қарыз қаражаттары 17,6% (185,9 млрд. теңге), бюджет қаражаты - 14,4% (152,1 млрд. теңге), банктердің несиелері 2,5% (26,7 млрд. теңге).
Сыртқы инвестиция көлемі 255,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылдың қаңтар- желтоқсан айларымен салыстырғанда 1,3 есеге өсті (195,0 млрд. теңге). Шетелдік инвестициялардың үлесі 20,6%-дан 24,2%-ға дейін өсті.
Пайдалану тұрғысында ең үлкен үлес жылжымайтын мүлік (42,5%), тасымалдау және қоймалау (28,3%), өнеркәсіп (8,4%) (электр энергиясы, газ, бу беру және ауаны баптау) бойынша жүргізіледі.
Қаланың негізгі инвесторы шағын кәсіпкерлік болып табылады, инвестициялардың жалпы көлемінің 68,3% -ын құрайды (орта бизнестің 15,0% -ы, ірі бизнестің 16,2% -ы).
Дерек көзі: ҚР Ұлттық Экономика Министірлігінің Статистика комитеті