Астанада шаруашылық көліктері құрастырылады. Италиялық «IVECO» маркасымен белгілі арнайы жүк көліктерін құрастыратын «STAHLBAU» елімізде 2015 жылдан бері жұмыс істейді. Астана қаласы маңындағы №1 индустриялық парктен 4 гектарға жуық жер алып, жұмысын бастаған серіктестік нарыққа қажетті автомашиналар құрастырады.
– Қазіргі уақытта зауыт бір ауысыммен ғана жұмыс істейді. Болашақта екі-үш ауысыммен жұмыс жасауды қарастырып отырмыз. Жылына он мың машинаға дейін шығаруға зауыттың қауқары толық жетеді, – дейді STAHLBAU» ЖШС инженері Нұрғиса Ахметов.
Толығырақ: «Astana Aqshamy» газетінің мақаласында https://www.astana-akshamy.kz/elordada-zhuek-koeligi-qurastyrylady/