Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» базасында «Бәйтерек» Холдингінің Біріккен фронт-офисы іске қосылды — кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін сервис.
Бір жерде кәсіпкерлер Холдингтің ұйымдарына қатысты бағдарламалар бойынша кеңес алып, қолдау қызметтерін пайдалана алады:
Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» (Шағын және орта бизнесті 7 млрд теңгеге дейін қолдау құралдары)
Қазақстан даму банкі (Ірі жобаларды 7 млрд теңгеден жоғары қолдау құралдары)
Өнеркәсіпті дамыту қоры (Өңдеу өнеркәсібі мен лизинг саласын қолдау құралдары)
Экспорттық несие агенттігі KazakhExport (Экспорттық жобаларды қолдау құралдары)
Qazaqstan Investment Corporation (Private equity бағытындағы тікелей инвестициялар құралдары)
Біріккен фронт-офистер Қазақстан бойынша «Даму» қорының аймақтық филиалдарының базасында жұмыс істейді.
Бастапқы консультациялар көрсетіліп, көрсетілген компаниялар атынан өтініштер қабылданады.