АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Дөңгелек үстел

stay
stay

Бүгін «Қазақ газеттері» ЖШС құрамына кіретін репсубликалық «Егемен Қазақстан» газеті «Инвестиция тарту мәселесі: Перспективасы мен тәуекелдері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Шараға «Astana Invest» қалалық инвестицияларды дамыту орталығы арнайы экономикалық аймақ жобаларын жүзеге асыру департаменті директоры Алмат Әлімбай, ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма аға прокуроры Сұлтан Өтебеков, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков, ҚР ҰЭМ Инвестициялық саясат департаментінің бас сарапшысы Рауан Аташбеков, «Атамекен» ҰКП МЖӘ халықаралық сертификатталған сарапшысы Талғат Тұрсынбаев, Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің атташесі Бауыржан Тұяқов, «Kazakh Invest» ҰК АҚ Сервистік қолдау департаменті директорының орынбасары Марат Есенов және «Shosa» ЖШС директоры Саян Сәдуақасов қатысты. 

Дөңгелек үстел отырысы барысында экономиканың басым салаларындағы ынтымақтастықты арттыру перспективалары, сонымен қатар жалпы инвестициалық климат, сырттан келген және ішкі инвесторлардың бүгінгі таңдағы жағдайы туралы мәселелер талқыланды.