2021 жылдың 9 желтоқсанында Қазақстан, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Белоруссия, Армения, Тәжікстан, Түркіменстан және Украина спикерлерінің қатысуымен Орталық Азия туризм бойынша онлайн-конференция өтті.
Конференцияның ұйымдастырушысы - Дүниежүзілік туристік қалалар федерациясы (WTCF).
Astana Invest Басқарма Төрағасы Жанболат Кәкішев аталмыш іс-шараның «Орталық Азиядағы туризм нарығын өркендету барысындағы ынтымақтастық пен серіктестік» атты панельдік сессиясында сөз сөйледі.
Жанболат Кәкішев Нұр-Сұлтан қаласының коронавирустық инфекциямен күресудегі шаралармен қатар халықаралық ынтымақтастық арқылы Орталық Азияда туризмді ілгерілету және дамыту бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, конференция қатысушылары Дүниежүзілік туристік қалалар федерациясымен әрі қарай ынтымақтастықты нығайту мен тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Анықтама:
WTCF – бұл әлемнің барлық елдері мен аймақтарының туристік қалалары, сондай-ақ туризммен байланысты үкіметтік емес ұйымдар, қауымдастықтар мен кәсіпорындар өз еріктерімен кіретін коммерциялық емес қоғамдық ұйым. Қазіргі уақытта WTCF құрамына 75 шетелдік қала кіреді.