АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Қайырымдылық – тәрбиенің бастауы

Биылдан бастап Мемлекет басшысы елдің барлық өңірінде Наурыз мерекесін жаңа форматта өткізуді ұсынды. Арнайы мерекелік логотип бекітіліп, Наурыз мейрамы 10 күн тойланатын болды. Ал, онкүндікті – «Наурызнама» деп атадық. Бүгін, яғни, 15 наурыз – «Қайырымдылық күні».

Наурызнаманың алғашқы мерекесі – «Амал мерекесі – Көрісу күні» болса, екіншісі – Қайырымдылық күні. Яғни, бұл атаулы күн қайырымдылық, мейірімділік пен татулықты насихаттауға арналған. Тереңірек үңілсек, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытып, өзара көмек көрсетуі. Ал, қоғамды айрандай ұйытып, бір елдің, бір халықтың басын біріктіретін де – осы бір ұлы қасиет емес пе?! «Қайырымдылық күні» деп арнайы атап өтудің себебі де осында жатыр. Сонымен қатар, 15 наурыз мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының бірінші жұмасымен сәйкес келіп тұрғандығы тегін емес.