INVEST CARAVAN жобасы аясында Астана қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы алаңында «Байқоңыр» ауданының прокуратурасы және палата өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.
Іс-шараға «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары, жергілікті мемлекеттік орган өкілдері, инвесторлар және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.
Кездесу барысында аудан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын өзекті мәселелер қаралды. Қатысушылар әкімшілік рәсімдерден өтуге байланысты проблемалық мәселелерді, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды талап ететін өзге де мәселелерді талқылады.
Ашық диалог барысында бизнес өкілдері қосымша пысықтауды қажет ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Нұржан Тохмет уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, келіп түскен өтініштер бойынша қажетті түсіндірмелер беріп, оларды жедел шешу мақсатында алдағы өзара іс-қимыл тетіктерін айқындады.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана қаласында бизнесті жүргізуге қолайлы жағдайлар жасауға және инвестициялық бастамаларды іске асыруға бағытталған бірлескен жұмысты жалғастыру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізілді.