АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы өтті

stay
stay

Елордада Қазақстан машина жасаушыларының Х форумы өтті. Оған Astana Invest өкілдері де қатысты.

Аталған форум мемлекет пен бизнестің бірегей диалог алаңы, онда жыл сайын креативті идеялар мен жаңа қызықты жобаларды іске асыру үшін машина жасаушылар бірігеді. Форумда саланы дамытудың стратегиялық бағыттары талқыланады.

Форум аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша халықаралық мамандандырылған көрме өтті.

Көрмеге отандық және шетелдік, соның ішінде әлемге әйгілі компаниялар қатысты.

Көрме серіктестерге өзінің өнеркәсіптік әлеуеті мен болашақ жобаларымен таныстырып, өзара тиімді іскерлік ынтымақтастықты орнатты. Сондай-ақ Форум барысында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылды.