Астана Жапонияда халықаралық туристік байланыстарын кеңейтуде
Токио Астананың туристік мүмкіндіктерін таныстыруға арналған халықаралық алаңға айналды. Қазақстанның елордасы алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен туристік индустрия өкілдерін біріктірген «Tourism EXPO Japan 2026» халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме аясында Астана өкілдері жапондық және халықаралық компаниялармен бірқатар B2B кездесулер өткізді. Келіссөздер барысында елорданы жапон нарығында ілгерілету, Астананы туристік бағдарламаларға енгізу, халықаралық іс-шараларды тарту және жаңа серіктестіктерді дамыту мәселелері талқыланды.
Көрмеде қолжетімді және инклюзивті туризмге де ерекше назар аударылды. 2026 жылғы қаңтарда Астана ТМД елдері арасында Еуропалық қолжетімді туризм желісіне (ENAT) мүше болған алғашқы қала атанды. Бұл елорданы әлемнің түкпір-түкпірінен келетін мүмкіндігі шектеулі саяхатшылар үшін қолжетімді туристік бағыт ретінде танытуға мүмкінд ашады.
«Tourism EXPO Japan 2026» – жаңа байланыстар, халықаралық серіктестік және Астана үшін жаңа мүмкіндіктер.