Республика күні қарсаңында «Astana Invest» басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әуез Тыныбеков пен басқарма төрағасының кеңесшісі Ерлан Садабаев «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталды.
Бұл марапат – олардың кәсіби еңбегіне көрсетілген құрмет.
«Astana Invest» ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс пен жаңа жетістіктер тілейді!