Astana Invest VIII Бүкілресейлік «Зауралье-2026» инвестициялық сабантойына қатысты

stay
stay
stay

13-15 тамыз күндері Башқұртстанның Сибай қаласында Ресей өңірлері мен шет елдерден келген мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері, инвесторлар мен салалық сарапшылардың басын қосқан VIII Бүкілресейлік «Зауралье-2026» инвестициялық сабантойы өтті.

Іс-шараға Башқұртстан Республикасының Президенті Радии Хабиров пен Стратегиялық бастамалар агенттігінің бас директоры Светлана Чупшева қатысты.

Форумда Астананың атынан   «Astana Invest» инвестицияларды дамыту орталығы, Инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары Дархан Ғабдулла қатысты.

Форумның негізгі тақырыбы – «Жеңіс экономикасы». Іскерлік бағдарлама аясында қатысушылар өңірлердің инвестициялық әлеуетін дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікті қолдау, сондай-ақ халықаралық және өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұл сабантойға қатысу арқылы Астананың инвестициялық мүмкіндіктері мен әлеуетін таныстырылып, өңірлер және бизнес өкілдерімен тәжірибе алмасты, сондай-ақ шетелдік серіктестермен іскерлік байланыстар нығайтылды.