Astana Invest фронт — офисінде Қытайдың Beijing Construction Engineering Group компаниясымен кездесу өтті
Astana Invest фронт-офисінде Астана
қаласының Инвестициялар және
кәсіпкерлілікті дамыту басқармасының
басшысы Халел Акимжанов пен Қытайдың
Beijing Construction Engineering Group компаниясының
Басқарма төрағасы Гао Цянмен жұмыс
кездесуі өтті.
Инвесторларға компанияның қызметі,
арнайы экономикалық аймақтың
мүмкіндіктері, сондай-ақ мемлекеттік
қолдау шаралары туралы ақпарат
ұсынылды.
Кездесу барысында тараптар
инвестициялық жобаларды іске асыру
перспективаларын, сондай-ақ
елордадағы құрылыс және
инфрақұрылымды дамыту салаларындағы
ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін
талқылады.
Beijing Construction Engineering Group (BCEG) - 1953 жылы
құрылған ірі халықаралық құрылыс
компаниясы. Ол әлемдегі жетекші
мердігер ұйымдардың қатарына кіреді
және ENR Top 250 International Contractors 2025
рейтингінде 20 орынға ие. Компания
жүзеге асырған жобалардың қатарында
әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі -
Бейжің Дасин халықаралық әуежайының
құрылысы да бар.