АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Astana Invest басшылығы корей делегациясымен кездесті

stay
stay

Astana Invest және Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшылығы Қазақстанға сапары аясында корей делегациясымен кездесу өткізді.

«Ofe Co. Ltd» корей компаниясы Қазақстан Республикасында лифт және көтеру жабдықтарын өндіру бойынша лифтілердің ғылыми-зерттеу паркін салу жобасын іске асыруға дайын.

Жоба R&D лифт орталығын (зерттеу және әзірлеу орталығы) салуды, қауіпсіздік компоненттерін сынау және тестілеу орталығын құруды, сондай-ақ кадрларды кәсіби даярлау орталығын құруды қамтиды. Компания жобаны Алматы облысының, Алматы және Астана қалаларының аумағында іске асыру мүмкіндігін қарастыруда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы, оның ішінде жобаны Астана аумағында іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.