АСТАНА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Astana Invest басшылығы Астана қаласы мәслихатының отырысына қатысты

stay
stay
stay
stay

Елорда мәслихатында «Астана қаласының аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру туралы» жария тыңдау өтті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша туристердің жалпы саны 751 123 мың адамды құрады, оның ішінде бейрезиденттер 78 023 адам, резиденттер 673 100 адам. 2020 жылмен салыстырғанда өсім 78%-ды құрайды, осылайша біз пандемияға дейінгі кезең деңгейіне шыққанымызды атап өтуге болады.

2022 жылдың 1 жартыжылдығында туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49% - ға артып, 482 679 мың адамды құрады.

Қазіргі уақытта Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы Astana Invest-пен бірлесіп, қаланың туристік саласының өкілдерінен тұратын жұмыс тобының ұсыныстары негізінде Астана қаласының туризмін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған стратегиясын әзірледі.