Astana Invest алаңында McKinsey & Company өкілдерімен кездесу өтті

stay
stay
stay

Astana Invest алаңында стратегиялық басқару, корпоративтік даму және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы жетекші халықаралық консалтингтік компаниялардың бірі – McKinsey & Company өкілдерімен кездесу өтті.

McKinsey & Company 1926 жылы құрылған және мемлекеттік органдарға, халықаралық қаржы институттарына, көлік операторларына әрі әлемнің жетекші компанияларына сараптамалық қолдау көрсететін әлемдегі ең ірі консалтингтік ұйымдардың бірі болып табылады. Компания жаһандық стратегиялық консалтингтің «Үлкен үштігіне» (MBB) кіреді және халықаралық консалтингтік ұйымдар рейтингтерінде көшбасшы орындарды иеленеді. Бүгінде McKinsey әлемнің 130-дан астам қаласында жұмыс істейді.

Кездесу барысында McKinsey & Company серіктесі Вадим Покотило авиациялық инфрақұрылымды стратегиялық жоспарлау, әуежай кешендерін дамыту, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру және жолаушылар ағынының тұрақты өсуін қамтамасыз ету бағытындағы тәсілдер мен халықаралық тәжірибені таныстырды.

Келіссөздер барысында Astana Invest Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әуез Тыныбеков қаланың көлік-логистикалық және авиациялық әлеуетін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, елорда әуежай инфрақұрылымын одан әрі дамытудың басым бағыттарын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық тәжірибе мен Астана қаласының авиация саласын дамытудың стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, әуежай инфрақұрылымын дамыту саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары мен ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.