АЭА қатысушыларының тауарлары мен қызметтерін ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында «Astana Invest» Қалалық инвестицияларды дамыту орталығының Басқарма Төрағасының орынбасары Арсен Меңдыгазиев «Тумар Групп» компаниясының өкілдерімен және АЭА қатысушылары – «Баракат» ЖШС, «ВМП» ЖШС, «Срkazconstraction Group» ЖШС кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Тумар Групп» компаниясының өкілдері өз жобаларын таныстырды, сатып алынатын өнімнің көлемі және әлеуетті жеткізушілермен өзара іс-қимыл жасау тәсілдері туралы айтып берді.
Өз кезегінде, құрылыс өнімдерін өндірумен айналысатын АЭА қатысушылары өз өнімдерін таныстырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

