АСТАНА — ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚАЛА
kz

Астана қаласының №1 индустриялық паркінде заманауи сэндвич-панельдер өндіретін жаңа KazPan зауытының салтанатты тұсаукесері өтті

stay
stay
stay
Бұл шара құрылыс индустриясын дамытып, өңірдің экономикалық әлеуетін нығайтуда маңызды қадам болмақ. Ашылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов, іскерлік қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ компанияның негізгі серіктестері қатысты. Жобаға салынған инвестиция көлемі 4,5 миллиард теңгені құрады. Кәсіпорында оңтүстік кореялық Kindus компаниясында білім алып, заманауи жабдықтарда жұмыс істеуге дайындалған 80 маман қызмет етеді. Зауыт жылына 1,8 миллион шаршы метрге дейін сэндвич-панель шығара алады. 2025 жылдың 19 маусымында KazPan зауытына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.